
Фото: Ашық дереккөз
Елдің Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, жарақаттардың көбі қолын пышақпен кесіп алу және ірі қараның астында қалу жағдайларына байланысты тіркелген.
Сонымен қатар, Түркияның Ішкі істер министрлігі айт күндері жол-көлік апаттарының көбейгенін атап өткен. Ел аумағында орын алған жол апаттарынан 26 адам қаза тауып, тағы 3500 адам жараланған.
Билік тұрғындарды қауіпсіздік ережелерін сақтауға және құрбан шалу рәсімін мамандардың көмегімен арнайы орындарда өткізуге шақырды.