Спорт • 09 Маусым, 2025

Теннисшілеріміз әлемдік рейтингте жоғарлады

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парижде өткен «Ролан Гаррос» турнирі аяқталғаннан кейін теннисшілердің әлемдік рейтингі жаңартылды, деп жазады Egemen.kz.

Теннисшілеріміз әлемдік рейтингте жоғарлады

Аталған жарыста сербиялық Александра Круничпен бірге финалға дейін жеткен Анна Данилина үздік жұптардың тізімінде бірден сегіз сатыға жоғарлап, қазіргі кезде 9 орынды иеленуде. «Үлкен дуылға» санатындағы турнирдің шешуші сынында Крунич пен Данилина жұбы Италияның мықтылары – Сара Эррани мен Жасмин Паолиниден 4:6, 6:2, 1:6 есебімен ұтылды.

Францияның астанасындағы ерлердің бәскесінде үздік сегіз ойыншының қатарына қосылған Александр Бублик бұл жолы 19 бәсекелесін басып озып, 43 орынға жайғасты. Александр Шевченко ТОП-100-дікті түйіндеп тұр. Әйелдер арасындағы рейтингте Елена Рыбакина өзінің 11 орнын сақтап қалса, Юлия Путинцева 27 сатыға табан тіреді.  

Соңғы жаңалықтар

Тәуелсіздік қаласы

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жойқын қаруды жойған шешім

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бәсі жоғары дода

Спорт • Кеше

Зияткерлік байқау

Байқау • Кеше

Жаңа буынның көзқарасы мен танымы

Республика күні • Кеше

Өткен күнде белгі бар

Республика күні • Кеше