Үкімет • Кеше

Өндірістегі қауіпсіздік цифрлық жүйелер арқылы күшейтіледі

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандағы жетекші өнеркәсіптік компаниялар – «Qarmet» АҚ мен «Қазмырыш» АҚ өндірістік қауіпсіздікті арттыру мақсатында заманауи цифрлық технологияларды енгізуді жоспарлар отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өндірістегі қауіпсіздік цифрлық жүйелер арқылы күшейтіледі

Фото: Ашық дереккөз

Үкімет отырысында «Qarmet» АҚ басқарма төрағасы Вадим Басиннің мәлімдеуінше, компания жерасты көмір шахталарында байланыс және тұрғыландыру жүйесін кезең-кезеңімен енгізіп жатыр. Қазіргі таңда «Саран» және «Ленин атындағы» шахталарда бұл жүйе толық орнатылған. Жалпы алғанда, төрт шахта заманауи жүйемен жабдықталған. 2025 жылдың соңына дейін көмір департаментінің барлық сегіз шахтасы жерасты байланыс және тұрғыландыру жүйесімен қамтамасыз етіледі.

«Қазмырыш» АҚ да еңбек қауіпсіздігін арттыру бағытында цифрлық құралдарды белсенді түрде енгізіп жатыр. Компания бас директоры Жанат Жанботиннің айтуынша, соңғы уақытта өндірістегі жарақаттану жағдайлары 20%-ға азайған. Бұл жетістікке OneApp атты интеграцияланған цифрлық платформа көмектескен.

Айта кетейік, OneApp – өзара байланысқан 13 модульден тұратын бірыңғай жүйе. Ол өндірістегі ауытқуларды, тәуекелдерді, аудиттер мен рұқсаттарды басқару секілді маңызды үдерістерді қамтиды. Қазіргі таңда платформаның 4000-нан астам белсенді қолданушысы бар, жүйеге web-интерфейс арқылы да, мобильді қосымша арқылы да қол жеткізуге болады.