Туризм • Кеше

Елімізде туристерге арналған қауіпсіздік сервисі іске қосылды

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Қазақстанда туризмді дамыту мен шетелдік азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы мәлімдеді. Министрдің айтуынша, туристер үшін бірқатар маңызды сервистер мен қауіпсіздік шаралары енгізілген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде туристерге арналған қауіпсіздік сервисі іске қосылды

Фото: Ашық дереккөз

Министр енді елімізге туристердің келуі туралы ақпаратты онлайн түрде жіберуге болатынын атап өтті.

«Сондай-ақ саяхатшыларға арналған мобильді қосымша іске қосылды. Ірі әуежайларда QR-кодтары бар «туристік карталар» беріледі, олар бірнеше тілде: көші-қон заңнамасының ережелері, шұғыл қызметтердің байланыстары, таксилер, байланыс операторлары, аймақ карталары және «102» қосымшасына сілтеме туралы ақпаратты қамтиды», деді Ержан Сәденов.

Сонымен қатар ірі әуежайларда бірнеше тілде жасалған QR-кодтары бар туристік карталар тегін таратылады. Бұл карталар туристерге елде еркін әрі қауіпсіз қозғалуға көмектеседі.

«Өңірлерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін туристік аймақтарда, ұлттық саябақтарда және туристік орындарда шет тілдерін меңгерген туристік полиция бөлімшелері жұмыс істейді. Онда бейнебақылау жүйелері, дабыл түймелері орнатылған және заңсыз тасымалдардың жолын кесу үшін алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр», деді министр.

Бұл бастамалар Қазақстанды туристер үшін қолайлы және қауіпсіз ел ретінде танытуға бағытталған. Үкімет өкілдері алдағы уақытта бұл жүйелерді одан әрі жетілдіруді жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар

«Delta» тобы әшкереленді

Жемқорлық • Бүгін, 10:10

Елордаға LRT вагондары келді

Елорда • Бүгін, 10:05

Терісаққандағы тіршілік

Ауыл • Бүгін, 10:00

Қатыгез баланы не түзейді?

Мәселе • Бүгін, 09:55

Гранд-финалға жолдама

Білім • Бүгін, 09:50

Жазғы каникул көңілді

Балалар • Бүгін, 09:45