Оқиға • Кеше

Астанадағы Тұран даңғылының бір бөлігі жөндеуге жабылды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Тұран даңғылының Сығанақ көшесінен Сарайшық көшесіне дейінгі аралығына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанадағы Тұран даңғылының бір бөлігі жөндеуге жабылды

Фото:

Қала әкімдігінің хабарлауынша, жөндеу жұмыстарына байланысты, 10-15 маусым аралығында осы учаскедегі қозғалыс ішінара жабылады. Бұл ретте көлік қозғалысы қаладан әуежайға қарай бір бағытта ғана ұйымдастырылады.

1

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы Тұран даңғылы Тұлпар көпірінен Сарайшық көшесіне дейінгі учаскесінде, ал 2024 жылы Керей-Жәнібек хандар көшесінің Жұлдыз айналымына дейінгі учаскесінде жөндеу жұмыстары жүргізілген еді.

«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады», деп хабарлады қала әкімдігі.