Өнер • Кеше

Бояудағы үндестік

140 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Алматыда «Әлемдік өнер галереясы: XXI ғасыр суретшілері» атты халықаралық көрме есік ашты. Шығыс пен Батысты, өткен мен болашақты жалғаған шығармашылық алаң халықтар арасындағы мәдени диалогті жандандыруды көздейді.

Бояудағы үндестік

Елімізде бастау алған жоба Фран­ция, Испания, Кавказ елдерінде жалғасын тауып, әлем мәде­ниетіндегі бейнелеу өнердің бүгінгі өрісін қамтыған көшпелі көрмеге ұласпақ. Көрменің жетекшісі – Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, мәдениет қайраткері Болат Хамзин. Ол бұған дейін де түркі халықтарының тарихын бейнелейтін панорамалық сурет жобасын жүзеге асыруға атсалысқан. Қылқаламға ілінген көркем туындылардың өзегінде адамды ізгілікке, достық пен мейірімге үндейтін шығармалар көп дейді өнер иесі.

ж

«Өнер тілі – адамзатқа ортақ. Көр­кем туындылар ұлтқа, мемлекетке бө­лін­­бейді. Ол адамзаттың жан дүние­сін тазартуға, әлемге мейірім мен бей­біт­шілік ұялатуға қызмет етуге тиіс. На­ғыз өнер зұлымдыққа қарсы тұрып, адамгершілікті, бейбітшілікті насихаттайды. Мұнда қойылған картиналардың басты миссиясы – көрерменді сезімге бөлеу, ойландыру, керек болса құтқару. Бүгінгі көрмеге еліміздің бірқатар үздік суретшілерінің туындылары қойылды. Технология мүмкіндіктерін пайдаланып, онлайн көрме арқылы шетелдік әріптестеріміздің туындыларымен танысып, өзара ой-пікір алмасудың сәті түсті. Бізді біріктіретін күш – шығармашылық пен достық», дейді Болат Хамзин.

ъ

Көрме экспозициясында заманауи бейнелеу өнерінің үздік туындылары ұсынылған. Сонымен қатар Ұлы Жібек жолының тарихы мен мұрасын насихаттайтын мәдени-ағартушылық бағыттағы картиналарды да көзіміз шалды. Қазақ даласының бай табиғаты, салт-дәстүрі мен тұрмыс-тіршілігі, салқар даланы кезген аңыз-дастандар, достық пен махаббат, адалдық пен ерлік тақырыптары бояу тілінде сөйлейді.

«Жазған-сызғаныңда ұшқыр қиял, ұтымды шешімнен бөлек көңіл толқытар сезім қылаң бермесе өміршең туындыны өмірге әкелдім деу бекер. Ал ондағы се­зім иірімдерін әркім әртүрлі қабылдай­ды, өз көрген-түйгенімен ұштастыра­ды, сол арқылы шығармаға жан бітеді. Расымен де, бейнелі шығарманы баға­лау өлшемін қарапайым көрерменнің көңіл түйсігіне қалдырған дұрыс», дейді көрмеде жұмыстарын ұсынған суретші Камиль Мамукадзе.

ж

Жобаның жүзеге асуына Халықара­лық мәдени дипломатия қауымдас­тығы, Франциядағы ЮНЕСКО клубы мен өнер жанашырлары мұрындық болған. Кавказдағы бағдарламаның жетек­шісі – мәдениеттанушы, педагог Розетта Марышева, алдағы уақытта рухани-достық рәуіштегі өнер жәрмеңкесі әлем елдерін шарлайтынын, сол арқылы өмір сүру салты бір-бірімен мүлде қа­быспайтын елдер мәдени диалог орна­тып, шығармашылық байланыстың жолы кеңейетінін айтады.

 

АЛМАТЫ