Спорт • Кеше

Валерий Рахымжан күміс медаль иеленді

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық нысана көздеуші Валерий Рахымжан Германияның Мюнхен қаласында өтіп жатқан нысана көздеуден Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Валерий Рахымжан күміс медаль иеленді

Фото: ҰОК

Ол 10 метрге пневматикалық тапаншамен ату жарысында ел намысын абыроймен қорғап, финалда 241.9 ұпай жинап, екінші орынға ие болды.

Аталған бағдарлама бойынша жарыстың жеңімпазы – Қытай спортшысы Ху Кай, оның көрсеткіші – 242.3 ұпай. Үшінші орынды Германия өкілі Кристиан Рейтц еншілеген (220.8 ұпай).

Айта кетейік, Валерий Рахымжан іріктеу кезеңінде алтыншы орын алып, финалға өткен болатын.