Мәдениет • 11 Маусым, 2025

«Ұлытау» домбырашылар ансамблі бас жүлдені жеңіп алды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өзбекстан Республикасында Халықаралық «Нұрай-Фест» өнер фестивалі өтті.  Осы сайысқа Ұлытау облысы Абай атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты жанынан құрылған «Ұлытау» ансамблі мен жас өнерпаздар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ұлытау» домбырашылар ансамблі бас жүлдені жеңіп алды

Фестивальге шетелден және Қазақстанның сегіз облысынан келген 1500 үміткер қатысты.

Дүбірлі өнер додасында домбыра сайысынан «Ұлытау» домбырашылар ансамблі бас жүлдеге ие болды. Олар қараша айында  Түркия Республикасының Стамбул қаласында өтетін байқауға 20 пайыз жеңілдікпен қатысуға жолдама ұтып алды.

Өзбекстан қазақ ұлттық мәдени орталығының төрағасы Серікбай Үсенов ең үздік  өнерпаздарды дайындағаны үшін мектеп директоры Динара Капарова мен домбыра жетекшісі Ақбота Омароваға Алғыс хат табыс етті.

Ұлытау облыстық мәслихатының депутаты Бекзат Дайрабайұлының ұсынысымен «Kazakhmys» корпорациясының басқарма басшысы Нұрахмет Қанатұлы жас өнерпаздарға демеушілік жасады.

Ұлытау облысы