Президент • Кеше

Мемлекет басшысы Ресей Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді осы елдің мемлекеттік мерекесі – Ресей күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы Ресей Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Фото: Ақорда

«Елдеріміздің арасындағы достық және тату көршілік қатынастардың деңгейі жоғары. Бұл стратегиялық серіктестік және одақтастық рухына толықтай сай келеді», делінген жеделхатта. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің елінің өркендеуі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.