
Фото: Ашық дереккөз
Сол күні өтетін бокс кешінде тағы бір қазақстандық танымал боксшы Иван Дычко да шаршы алаңға шығады.
Елеусінов соңғы рет кәсіпқой рингке 2021 жылдың желтоқсан айында шыққан болатын. Ол кәсіпқой бокста 12 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. 2016 жылы Рио Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алған.
2021 жылы IBO нұсқасы бойынша жартылай орта салмақта әлем чемпионы атанғанымен, мансабындағы үзіліске байланысты чемпиондық белбеуінен бас тартуға мәжбүр болды. Айта кетейік, 2024 жылдың 28 ақпанында Астанада оның кезекті жекпе-жегі өтуі керек еді, алайда боксшының жарақатына байланысты жекпе-жек өтпей қалды.