Білім • Кеше

Магистратураға құжат қабылдайды

30 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

1 маусымнан бастап магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуден өтуге өтініштерді қабылдау басталды. Тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының «App.testcenter.kz» сайтында алдағы 8 шілдеге дейін жүргізіледі. Тестілеудің өзі 20 шілде мен 10 тамыз аралығында өтеді.

Магистратураға құжат қабылдайды

Сурет: ara24.kz

Ғылым және жоғары білім министрлігінің таратқан ақпаратына сүйенсек, шығар­­ма­шылық дайындықты талап ететін білім беру бағ­дар­ла­ма­ларының топтары бойынша бейінді магистратураға түсушілерден құжат­тарды қа­былдау осы жылғы 1 маусым мен 8 шілде аралығында жоғары және (немесе) жо­ғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарымен жүзеге асырылады.

Тіркелу кезінде түсу­ші тестілеуді тапсыру қаласын өз ер­кімен таңдайды. Түсушілер өтініштерді қабылдау мер­зі­мі аяқталғанға дейін (8 шіл­деге дейін) берілген өтінішке өзгерістер (тестілеуді тапсыру қаласын, дайындық ба­ғы­тын, білім беру бағ­дар­­ламаларының тобын, тес­ті­леуді тапсыру тілін өз­­гер­­ту) енгізе алады. Өті­ніш­­терді қабылдау базасы жа­былғаннан кейін таң­дал­ған білім беру бағдарлама­ларының тобы мен тесті­леу тапсыру қаласы өзгер­тілмейді.

Тестілеуді өткізу орны (пункт), күні және уақыты туралы ақпарат түсушінің жеке кабинетінде 14 шілдеде қолжетімді болады.

Ғылыми-педагогикалық магистратураға түсу үшін кешенді тестілеу электрондық форматта өткізіледі және үш бөлімнен тұрады: шет тілі бо­йынша тест, оқуға дайын­дығын анықтауға ар­­налған тест және білім беру бағдарламалары тобы­­­ның бейіні бойынша тест. Тестілеуге 3 сағат 55 минут беріледі. Шекті балл – 75 балл, оның ішінде шет тілі бойынша кемінде 25 балл, оқу­ға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – ке­мінде 7 балл, білім беру бағ­дарламалары тобының бейіні бойынша: бірінші бейінді пән бойынша – кемінде 7 балл, екінші бейінді пән бойынша – ке­мінде 7 балл.

Бейінді магистратураға тү­­суге ниетті түсушілер тек білім беру бағдарламалары тобы­­­ның бейіні бойынша тест тап­сырады. Шекті балл ке­мін­­­де 30 балл, оның ішінде бі­рін­­ші бейінді пән бойын­ша  кемін­де 7 балл, екінші бейін­ді пән бо­­­йынша кемінде  7 балл құрай­ды.

Сондай-ақ бейінді ма­гис­тратураға саяси және әкім­шілік қызметшілер лауа­зым­дарының тізіліміне, тиісті са­ла­лардағы азамат­тық қыз­мет­­­шілері лауазымда­ры­ның ті­зі­ліміне сәйкес басшы лауа­зы­мында кемінде бес жыл еңбек өтілі бар немесе білім беру бағдарламасының бейі­ніне сәйкес мамандығы бойын­ша кемінде 10 жыл еңбек өтілі бар тұлғалар жоға­ры және (немесе) жоғары оқу ор­ны­нан кейінгі білім беру ұйым­дарының қабылдау комиссия­лары өткізетін әңгі­мелесу нәтижелері бойынша ақылы негізде қабылданады. 

Соңғы жаңалықтар