Оқиға • Кеше

Алматы облысында жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында жедел жәрдем көлігінің қатысуымен қайғылы жол-көлік оқиғасы тіркелді. Оқиға 11 маусым күні Алматы – Өскемен тас жолының 75-шақырымында орын алған. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz

Алматы облысында жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті

Фото: Ашық дереккөз

Ресми мәліметке сәйкес, Hyundai H350 маркалы жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі белгіленген жолда жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Ауыр жарақат алған жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмған.

Қазіргі таңда аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.  Құқық қорғау органдары жол апатының нақты мән-жайын анықтап жатыр.

Соңғы жаңалықтар