Балалар • Кеше

Университетте оқушыларға арналған эколагерь ұйымдастырылды

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде  «Жасыл болашақ: экологиялық мәдениетті бірге қалыптастырамыз» атты оқушыларға арналған  эколагерь  ұйымдастырылды.  Оған Ақтөбе қаласындағы  алты мектептің 35  оқушысы қатысты. Жобаның мақсаты –  мектеп оқушылары арасында  экологиялық мәдениет пен саналы тұтыну дағдыларын үйрету, деп хабарлайды Egemen.kz.

Университетте оқушыларға арналған эколагерь ұйымдастырылды

Ақтөбедегі жоғары оқу орындары мен мектептер арасындағы әріптестік байланыс  аясында ұйымдастырылған  осы жобада қоршаған ортаны бүлдіретін  тұрмыстық заттардың қолдану деңгейін  азайту, сирек өсімдіктерді қорғау,  экожүйенің тепе-теңдігін сақтаудағы адамдардың жауапкершілігі   тақырыптары қамтылып,  экосана мен экологиялық мәдениет туралы пікірталастар өтті. «Эковерт» студенттік клубы мүшелері оқушыларға өсімдік құрамындағы нитрат мөлшерін анықтауды үйретті,  қалдықтарды қарапайым өңдеу тәжірибелері жасалды. Балалар  университет жанындағы жылыжайға гүл отырғызып,  топырақ құрамын  байыту  тәжірибесін жүргізді.  Спикерлер қатарында  болған экология сарапшылары, студенттік ұйым жетекшілері, оқытушылар  алдында балалар  жобаларын қорғап, шығармашылық тапсырмалар орындады.

«Жазғы  лагерь  жұмысы балаларды табиғатты сүюге үйретеді. Олар өсімдіктер дүниесінің әралуандығын зерделеп, кейбір   түрлерінің азайып кетуіне себеп болған жайттерді талдайды. Біз,  ересектер, балаларға саналы тұтыну мен қоршаған ортаға құрметпен қарауды ерте бастан үйретуіміз керек»,  дейді Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік  университеті әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаментінің директоры Бекарыс Олжабаев.

Ақтөбе облысы.

 

Соңғы жаңалықтар