Денсаулық • Кеше

Сақтандыру компаниясы қос аяғынан айрылған балаға жедел төлем жүргізді

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы сақтандыру компаниясы Астанада орын алған жол апатынан зардап шеккен баланың отбасына тасымалдаушының жолаушылар алдындағы жауапкершілігін міндетті сақтандыру аясында 19,66 миллион теңге көлемінде сақтандыру төлемін жүзеге асырды. Өйткені, автопарктің жауапкершілігі «Евразия» сақтандыру компаниясына жүктелген, деп жазады Egemen.kz.

Сақтандыру компаниясы қос аяғынан айрылған балаға жедел төлем жүргізді

Жол апатынан зардап шеккен балаға ұзақ мерзімді емдеу мен оңалту, кейіннен протездеу қажеттігі мен басқа да қосалқы шығындарын жедел өтеу мақсатында Сақтандыру компаниясы заңнамада белгіленген қажетті құжаттар топтамасын, соның ішінде мүгедектік туралы анықтаманы алғанға дейін, сақтандыру төлемін толық көлемде жүзеге асыру туралы шешім қабылдады.

Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы заңға сәйкес, жол-көлік оқиғасы нәтижесінде балаға мүгедектік берілген жағдайда, сақтандыру төлемінің мөлшері 5 000 АЕК құрайды, бұл 19 660 000 теңгеге тең.

Қазақстанда мүгедектік туралы анықтама алу үшін медициналық-әлеуметтік сараптамадан (МӘС) өту қажет, бұл айтарлықтай уақытты қажет етеді. Барлық қажетті растайтын құжаттар түсуіне қарай төлем ісіне қоса тіркелмек.

Сақтандыру жағдайынан кейін «Евразия» СК жедел желі ұйымдастырылып, оған ЖКО салдарынан зардап шеккен автобус жолаушылары немесе олардың өкілдері хабарласқан. ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес сақтандыру төлемдерін алу тәртібі туралы барлық қажетті түсініктемеле мен кеңес берілді.

АЛМАТЫ