Оқиға • Бүгін, 17:40

Алматы облысында мемлекеттік мекемелер үшін жаңа жұмыс кестесі енгізілді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында 2024 жылдың 16 маусымынан бастап мемлекеттік мекемелер жаңа жұмыс кестесіне көшті, деп хабарлайды Egemen.kz Бұл ақпаратты облыс әкімдігінің баспасөз қызметі растады.

Алматы облысында мемлекеттік мекемелер үшін жаңа жұмыс кестесі енгізілді

Фото: Ашық дереккөз

Енді облыстағы мемлекеттік мекемелерде жұмыс күні таңғы 08:00-де басталып, 17:30-да аяқталады. Түскі үзіліс 12:30-дан 14:00-ге дейін белгіленген.

Әкімдік өкілдері бұл өзгерістің ҚР Еңбек кодексіне сәйкес екенін атап өтті. Жұмыс уақыты сегіз сағат болып қала береді, ал мемлекеттік мекемелер қалыпты режимде жұмысын жалғастырады.

Естеріңізге сала кетейік, жақында Мәжіліс депутаты Асылбек Нұралин ірі қалалардағы көлік жүктемесіне алаңдаушылық білдірген еді. Оның айтуынша, Астана мен басқа да мегаполистерде көлік кептелісі, қоғамдық көлік қозғалысының кідірісі және жол инфрақұрылымының шамадан тыс жүктемесі күн тәртібінен түспей отыр.

Сондықтан депутат мемлекеттік қызметкерлер мен ұлттық компания қызметкерлері үшін жұмыс уақытын ерте  бастау туралы ұсыныс айтты. Бұл бастама көлік кептелісін азайтуға және мегаполистердің тыныс-тіршілігін жеңілдетуге бағытталған.