Қазақстан • Бүгін, 10:10

Қытай Қазақстанның су мамандарын оқытуды жалғастырады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінде Қазақстанның 60 су маманы Қытайда біліктілігін арттырды, осы жыл соңына дейін тағы 60 маман оқудан өтпек, курстар Қытай тарапының қаржысы есебінен ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қытай Қазақстанның су мамандарын оқытуды жалғастырады

Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Еске салайық, Қазақстан мен Қытайдың су ведомстволары биыл наурыз айында алғаш рет өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойған. Құжат су ресурстарын тиімді әрі тұрақты пайдалану, заманауи технологияларды енгізу, баламалы су көздерін бөлу мен игеру, тәжірибе алмасу және бірлесіп мамандар даярлау сияқты бағыттарда екіжақты ынтымақтастықты нығайтуды көздейді. Сонымен қоса, мамыр айының соңында су министрлігінің басшысы Нұржан Нұржігітов Power China бас директоры Ван Бинмен кездескені мәлім.

«Біз тағылымдамалар мен білім беру бағдарламаларын бірлесіп әзірлеу, сондай-ақ білім, тәжірибе және технологиялармен алмасу бастамаларын талқылауға дайынбыз. Екі ел арасындағы тығыз ынтымақтастық Қазақстанның су саласындағы кадрлық әлеуетін дамытуға септігін тигізеді деп сенемін. Сонымен қатар бұл стратегиялық әріптестігімізді де нығайта түседі», деді Н.Нұржігітов.