Білім • Бүгін, 12:46

БҚО-да жаңа мектептер бой көтеріп жатыр

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандағы «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында білім беру инфрақұрылымын жаңғырту бағытында Батыс Қазақстан облысында қарқынды құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Жоба шеңберінде бірнеше жаңа білім ошақтары салынады, деп хабарлайды Egemen.kz.

БҚО-да жаңа мектептер бой көтеріп жатыр

Фото: БҚО әкімдігі

Бәйтерек ауданының Достық ауылында 1200 орындық ірі мектептің құрылысы қолға алынған. Заманауи пән кабинеттерімен жабдықталатын бұл білім ордасы ауыл балаларына сапалы білім алуға мүмкіндік бермек. Сонымен қатар, Байқоныс ауылында 300 орындық мектеп салынып жатыр. Жаңа оқу орны апатты жағдайдағы мектептің орнын басып, оқушыларға қауіпсіз және қолайлы жағдай ұсынады.

Құрылыс нысандарымен арнайы танысқан облыс әкімінің орынбасары Қайыржан Мендіғалиев пен облыстық білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин жобалардың сапасына және мерзімінде аяқталуына ерекше назар аударды.

Орал қаласында да оң өзгерістер байқалады. Жәңгір хан көшесінде 600 орындық мектептің құрылысы жүріп жатыр. Бұл жоба қаладағы үш ауысымда оқыту мәселесін шешуге бағытталған және өңірдегі білім сапасын арттыруға ықпал етеді.