Үкімет • Бүгін, 09:29

Үкіметте вегетациялық кезеңді өткізу мәселесі талқыланды

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Премьер-министр Олжас Бектенов вегетациялық кезеңді тиімді өткізу мақсатында арнайы кеңес өткізді. Кеңесте еліміздің ауыл шаруашылығында су тапшылығы мәселелері, соның ішінде су тұтынудың 97%-ын құрайтын оңтүстік өңірлердің ахуалы талқыланды, деп жазады Egemen.kz

Үкіметте вегетациялық кезеңді өткізу мәселесі талқыланды

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Кеңес барысында егіс құрылымын қазіргі ахуалға сай өзгерту, суды аз қажет ететін дақылдарға көшу және су үнемдеу технологияларын енгізу мәселелері көтерілді. Сонымен қатар Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов пен Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы және Жетісу облыстарының әкімдері жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Биылғы жылы «Қазсушар» мекемесі арқылы ауыл шаруашылығы өндірушілерімен 22,5 мың келісімшарт жасалған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 мыңға көп.

Шу, Талас және Сырдария өзендерінің жағдайы, суды әділ бөлу, заңсыз су пайдаланумен күрес, сондай-ақ субсидиялау тетіктері де талқыланды. Су үнемдеу технологияларын қолданатын шаруаларға мемлекет тарапынан жоғары мөлшерде субсидия қарастырылған.

«Тиімділікке, үнемділікке және ведомствоаралық келісімділікке баса назар аудара отырып, су тәуекелдерін алдын ала басқаруға көшу қажет. Облыс әкімдері сумен жабдықтау ұйымдарының егіндік сумен шаруаларды қамтамасыз ету, суару технологияларын сақтау, суару реттілігі және коллекторлық-дренаждық суды қайта пайдалану жөніндегі іс-қимылдарын үйлестіруді қамтамасыз етуі тиіс. Су үнемдеу технологияларын енгізу жұмыстарын күшейту қажет. Мүдделі мемлекеттік органдар мен фермерлер бірлестіктері өкілдерінің қатысуымен вегетациялық кезеңде су тәуекелдерін басқару жөніндегі өңірлік штабтар құруды тапсырамын. Суды заңсыз пайдалануды бақылауды күшейту және бұзушылықтарды анықтау жұмыстарын жандандыру маңызды»,  Олжас Бектенов.

Сонымен қатар, министрлікке шекаралас елдермен бірлесіп жұмыс істеу, су беру лимиттерін нақты бақылау және гидротехникалық нысандарды жөндеу бойынша міндеттер жүктелді. Су ресурстарының сандық мониторингі енді спутниктік бақылау және интерактивті карталар арқылы жүзеге асырылатын болады.

Вегетациялық кезеңнің барысы Үкіметтің жіті бақылауында. Жұмысты үйлестіру Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевқа жүктелді.