Мәдениет • Кеше

Наурызбай ауданында «Наурызбай Fest» мерекелік фестивалі өтті

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

6 маусым күні Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы және Наурызбай ауданы әкімдігінің қолдауымен, Human Resources Kazakhstan жеке мекемесінің және Наурызбай ауданы демалыс орталықтарының ұйымдастыруымен «Наурызбай Fest» атты ауқымды мерекелік фестиваль өткізілді, деп жазады Egemen.kz.

Наурызбай ауданында «Наурызбай Fest» мерекелік фестивалі өтті
 
 

Мерекелік шара Наурызбай ауданының тұрғындары мен қонақтары үшін ашық форматта ұйымдастырылып, үлкендер мен балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Фестивальдің негізгі мақсаты — балалар мен жастардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, белсенді өмір салтын насихаттау және демалыс орталықтарының жұмысын кеңінен таныстыру болды.

Фестиваль аясында демалыс орталықтарына қатысушы балалар ән айтып, би билеп, көркем сөз оқып, түрлі өнер түрлері арқылы көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Сахнада өз дарынын көрсеткен жас өнерпаздар мен олардың ұстаздары көрермендердің зор қошеметіне ие болды.

Шара барысында демалыс орталықтарының оқытушылары аудан әкімінің арнайы алғыс хаттарымен марапатталды. Бұл — олардың еңбегіне берілген әділ баға мен рухани қолдаудың белгісі.

«Наурызбай Fest» — тек мереке ғана емес, ауданның мәдени өмірінің жандануына серпін беретін маңызды оқиға. Іс-шара Наурызбай ауданындағы демалыс орталықтарының балалар мен жасөспірімдерге бағытталған тәрбие және мәдени жұмыстарын қолдау мақсатында ұйымдастырылды.

Ұйымдастырушылар алдағы уақытта бұл фестивальді жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіп, ауқымын кеңейтуді жоспарлап отыр.