Заң • Бүгін, 12:07

Бизнеске қысым: АлЭС-ке айыппұл салынды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының Индустриялық аймағында қызмет жүргізетін нарық субъектілерінің құқықтарын қорғау мақсатында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті «Алматы электр станциялары» АҚ энергия өндіруші ұйымына қатысты үстем жағдайды теріс пайдалану белгілері бойынша тергеп-тексеру жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бизнеске қысым: АлЭС-ке айыппұл салынды

Тергеп-тексеру нәтижесінде «АлЭС» акционерлік қоғамына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 159-бабының 3-1-бөлігіне сәйкес әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғалды. Іс материалдары Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданып, сот шешімімен «АлЭС» АҚ 4,4 млрд теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салу түрінде жауапкершілікке тартылды.

Қазіргі сәтте соттың қаулысы заңды күшіне енген жоқ. БҚДА мәлімдегендей, Индустриялық аймақ – Алматы қаласында басым салаларды дамыту мен жеке кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында құрылған. Қазіргі уақытта оның аумағында 118 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген, ал инвестициялар көлемі 400 млрд теңгеден асады. Энергия ресурстарын тарту мен тұтынуға кететін шығындарды азайту үшін мемлекет тарапынан ЖЭС-2 желілеріне тікелей қосылған электр желілері жүргізілген. Алайда «АлЭС» АҚ Индустриялық аймақта қалалық электр желілері болмағанына қарамастан, энергиямен жабдықтаушы ұйымды аффилиирленген энергия жеткізуші ұйымның желілері арқылы электр энергиясын жеткізу қызметімен бірге сатып алуға міндеттеген.