Аймақтар • Бүгін, 14:35

Қызылорда қаласы – жаңару мен дамудың нақты үлгісіне айналуда

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясындағы көркейту-көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары Қызылорда облысында сәтті жүзеге асырылуда, деп жазады Egemen.kz.

Қызылорда қаласы – жаңару мен дамудың нақты үлгісіне айналуда

Мемлекет басшысының тікелей қолдауымен Қызылорда қаласы соңғы жылдары қарқынды құрылыс алаңына айналды. Инфрақұрылым мен қоғамдық кеңістіктерді жаңғырту бағытында ірі жобалар жүзеге асырылуда. Қаланың сәулеттік келбеті жаңарып, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.А

Бүгінде қала аумағында 42 демалыс саябағы мен сквер-аллея бар. Бұл орындардың барлығы да жаңғыртылуда. Мақсат – Қызылорданың туристік әлеуетін арттыру, тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз демалыс орындарын ұсыну.

Қайта жаңғыртудан өткен қалалық мәдени және демалыс паркі заманауи архитектуралық үлгімен безендіріліп, жаңа субұрқақтар, амфитеатр, скейтпарк, балалар мен ересектерге арналған ойын алаңдарымен толықты.Г

Бұған қоса, қаладағы халық көп серуендейтін ҚР Тұңғыш Президенті паркі, Б. Шөкенов атындағы саябақ және Қорқыт Ата мемориалдық ескерткіш кешені саябағы қайта жаңғыртудан өтуде.

Қаланың шырайын ашатын басты орындар – орталық алаң мен бірқатар скверлер де заманауи талаптарға сай қайта жаңарды. Жаңа жарық шамдары, сәндік гүлзарлар, субұрқақтар мен жайлы орындықтар орнатылып, бұл аумақтар қала тұрғындары мен қонақтары үшін нағыз демалыс орнына айналды.Ш

«Тәуелсіздікке – 25 жыл» даңғылы толық жаңғыртудан өтіп, екі жолақтыдан төрт жолақтыға кеңейтілді. Ұзындығы 7 шақырымды құрайтын көше бойына жарық бағандары, аялдамалар, веложолақтар және жаяу жүргіншілер жолы салынды.

Қызылорда қаласы – жаңару мен дамудың нақты үлгісіне айналуда.