
Фото: Ашық дереккөз
«ҚР ҰЯО ГЗИ Деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес 2025 жыл 23 маусымда Астана уақыты бойынша 01 сағ. 23 мин. (22 маусым Гринвич бойынша 20 сағ. 23 мин.) Абай облысында, Ұржар қаласынан солтүстік-батысқа қарай 30 шақырым жерде жер сілкінісі болды. Эпицентрдің координаттары: 47.19 градус солтүстік ендік, 81.22 градус шығыс бойлық. Магнитудасы mb=4,0. Энергетикалық класс К=9.70», делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін жер сілкінісі Алматыдан 279 шақырым қашықтықта болғаны жөнінде де ақпарат тараған еді.