
«Қазгидромет» хабарлауынша, Қазақстан аумағы арқылы белсенді циклондар мен оларға ілескен атмосфералық фронттар жылжи отырып, тұрақсыз ауа райын қалыптастырады.
«Алдағы күндері ел аумағына жаңбыр, жел, найзағаймен бірге жаңа фронтальды белсенділік толқыны келеді. Елдің көп бөлігінде нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін. Сонымен қатар, аптап ыстық біртіндеп басылады. Ауа температурасы +20…+28°C дейін, солтүстікте +15…+23°C, ал оңтүстікте +25…+33°C шамасында болады», делінген «Қазгидромет» таратқан ақпаратта.