Қазақстан • Бүгін, 15:55

Қазақстанда қылмыс деңгейі 2019 жылдан бері екі есе төмендеді

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Соңғы жылдары Қазақстанда құқықтық тәртіпті нығайту бағытында ауқымды реформалар жүзеге асып жатыр. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа мәжілісінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстанда қылмыс деңгейі 2019 жылдан бері екі есе төмендеді

«Соңғы жылдары елімізде барлық салада ауқымды реформалар жасалып жатыр. Мемлекеттің саяси жүйесі мен экономикалық құрылымы түбегейлі жаңғыруда. Ел ішінде жоғары құқықтық мәдениет қалыптасып келеді. Азаматтық жауапкершілік идеологиясы берік орныға бастады. Бұл – біздің стратегиялық бағдарымызға тән аса маңызды басымдық», деді Президент. 

Мемлекет басшысының айтуынша, еліміз құқық қорғау жүйесін жетілдіруге және барлық салада заң мен тәртіп орнатуға баса мән береді. Осы бағытта нақты нәтижеге қол жеткіздік.

«2019 жылдан бері қылмыстық құқықбұзушылық саны шамамен екі есе азайды. Соның ішінде қарақшылық, тонау, ұрлық пен бұзақылық деңгейі 4 есе төмендеді, ал кісі өлтіруге қатысты қылмыстар 30 пайызға кеміді. Қоғамдық орындардағы қылмыс саны 80 пайызға азайды. Бұл – азаматтарымыз көшеде ештеңеден қауіптенбей, алаңсыз жүре алады деген сөз», деді Мемлекет басшысы.