Қоғам • Кеше

Тұмар-2025 ұлттық сыйлығына үміткерлердің қысқа тізімі жарияланды

40 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бүгін БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында «Тұмар-2025» ұлттық телевизиялық сыйлығының он бір номинациясы бойынша номинанттар анықталды, деп жазады Egemen.kz.

Тұмар-2025 ұлттық сыйлығына үміткерлердің қысқа тізімі жарияланды

Биыл байқауға қатысу үшін 11 номинация бойынша жетекші республикалық және өңірлік телеарналардан 300-ден астам өтінім келіп түсті. Шорт-листке 44 жұмыс енді.

Жеңімпаздар есімі 27 маусымда Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні қарсаңында анықталатын болады. Жеңімпаздарға отандық телевизия саласындағы ең жоғары жетістіктері үшін «Тұмар» мүсіншесі мен 1 миллион теңге көлеміндегі қаржылай сыйақы табысталады.

«Тұмар» - 2025 Ұлттық телевизиялық бәйгесінің номинанттары:

Ең үздік әлеуметтік тележоба:
• «Таза қала» - JIBEK JOLY телеарнасы
• «Таза Қазақстан» - 24KZ телеарнасы
• «Жақсылық жаса» - QAZAQSTAN TV телеарнасы
• «Әке арманы» - АSTANA TV телеарнасы

Жылдың ең үздік репортажы:
• «В гостях у кочевников» - МИР телеарнасы
• «Алаяқтар балаларды қыруар қаржыға сан соқтырып жатыр» - ATAMEKEN BUSINESS телеарнасы
• «Театры выживают за счёт талантов» - Хабар телеарнасы
• «Абадан» - ЖЕТІСУ телеарнасы

Ең үздік ақпараттық-сараптамалық бағдарлама:
• «Жетінші студия» - 7 арна
• «Basty taqyryp» - ATAMEKEN BUSINESS телеарнасы
• «Әлем және біз» - QAZAQSTAN TV телеарнасы
• «President» - 24KZ телеарнасы

Ең үздік журналистік зерттеу:
• «АЭС және энергетикалық қауіпсіздік» - ATAMEKEN BUSINESS телеарнасы
• «По следам спасительного эшелона: как доставляли продовольствие в блокадный Ленинград из Казахстана?» - МИР телеарнасы
• «Мүгедектігі бар жандар жұмысты қайдан табады?» - QYZYLORDA TV телеарнасы
• «Тылсым тарих: Аштық қасіреті, Құмаршық қасиеті» - ATYRAÝ TV телеарнасы

Жылдың ең үздік телехикаясы:
• «Күзде келген көктем» - Хабар телеарнасы
• «Құтқару қызметі» - 7 арна
• «12:00» - 31 арна
• «111. JUZ ON BIR» - JIBEK JOLY телеарнасы

Ең үздік деректі фильм: 
• «Человек с острова Кулалы» - JIBEK JOLY телеарнасы
• «Вандализммен күрес» - ATAMEKEN BUSINESS телеарнасы
• «Закладчики. Расплата» - QYZYLJAR телеарнасы
• «Олимпийские свершения: казахстанские герои Парижа» - Хабар телеарнасы

Ең үздік балалар тележобасы: 
• «Дара бала» - BALAPAN телеарнасы
• «Давай меняться» - ERTIS TV телеарнасы
• «Түркістан сақшылары» - TURKISTAN TV телеарнасы
• «Дарын» - QOSTANAI TV телеарнасы

Ең үздік өңірлік арна:
77TV телеарнасы – Жамбыл облысы
Saryarqa телеарнасы –Қарағанды облысы
Caspian News телеарнасы – Атырау облысы
ULYTAU телеарнасы - Ұлытау облысы

Ең үздік тележурналист:
• Ақерке Бектас – QAZAQSTAN TV телеарнасы
• Айнұр Иманғали –JIBEK JOLY телеарнасы
• Аслан Қаженов –24KZ телеарнасы
• Әйгерім Пернебекова –ALMATY TV телеарнасы

Ең үздік тележүргізуші:
• Оксана Петерс – 7 арна
Үмбетәлі Меймеш –ALMATY TV телеарнасы
• Мөлдір Доспаева –Хабар телеарнасы
• Вероника Вишневская – Еуразия бірінші арнасы

Ең үздік спорттық комментатор:
• Жандос Айтбай –Хабар телеарнасы
• Ерік Ерсін –QAZSPORT телеарнасы
• Азамат Ашимов – ATAMEKEN BUSINESS телеарнасы
• Азамат Нұғыманов - QAZAQSTAN TV телеарнасы