Спорт • Бүгін, 08:35

Алан – абсолютті чемпион

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздің VI Жастар спорттық ойындары бағдарламасы аясында үстел теннисінен Павлодарда өткен жарыста Алан Құрманғалиев абсолютті чемпион атағына қол жеткізді.

Алан – абсолютті чемпион

Жарысты 18 жастағы Қара­ғанды өңірінің тумасы 3 алтын, 1 қола медальмен қорытындылады. Алан алғашында жекелеген сайыс­та алдына жан салмады. Финалда Қадырәлі Қабдылуахитовті (Пав­­лодар) қапы қалдырды. Темір­лан Жиенбаев (ШҚО) пен Тимо­фей Гера­­сименко (Астана) үшін­ші орынды ие­ленді. Одан кейін жұптық жарыст­а А.Құр­­­ман­ғалиев пен Әмір Торғайбе­ков же­ңімпаз атанды. Қарағандылық қос өрен шешуші тұста Шығыс Қазақ­стан облысынан келген Темір­лан Жиенбаев пен Арнұр Орал­хановтан басым түсті. Қола медальды Қадырәлі Қаб­дылуахитов/Әмір Амангелді (Пав­лодар), Абдулла Мамай/Да­мир Сәрсенбай (Алматы) ­ен­ші­леді.

Аралас жұптар бәсекесінде Алан Жанерке Көшкімбаевамен бірге өнер көрсетіп, бұл жолы да ешкімге дес бер­меді. Финалда олар Абдулла Мамай мен Сарвиноз Мірқадыровадан (Алматы) айласын асырды. Командалық сайыс­та Қарағанды облысы үшінші сатыға тұрақтады.

Қыздар арасындағы бәсе­кеде алма­тылық Сарвиноз Мір­қа­дыроваға тең ке­лер ешкім та­был­мады. Одан кейінгі орын­­дарға Жанерке Көшкімбаева (Қара­­ғанды), Гузель Торшаева (Алма­ты), Альбина Жақсылықова (Қа­ра­­ғанды) жай­ғасты. Жұптық жа­­рыста Ноила Хания­зова мен Шахзода Ахмадалиева (Түркістан) алтыннан алқа тақты.