
Фото: Ашық дереккөз
Компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, 25 маусым күні келесі рейстер орындалады (уақыт жергілікті бойынша көрсетілген):
- KC205 Астана – Дубай, 11:00;
- KC206 Дубай – Астана, 16:40;
- KC653 Алматы – Доха, 11:00;
- KC654 Доха – Алматы, 15:05;
- KC897 Алматы – Дубай,11:15;
- KC898 Дубай – Алматы, 16:10
Сондай-ақ, ең үлкен әуе кемесі Boeing 767 арқылы арнайы репатриациялық рейс KC8980 Дубай – Алматы бағыты бойынша 17:40-та орындалады. Аталған рейстерге билеттер сатылымға ашық.
«Рейстер ұшу қауіпсіздігінің жоғары халықаралық стандарттарына сай орындалады», делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстандық әуе компаниялар Таяу Шығыстағы әскери-саяси жағдайдың ушығуына байланысты қауіпсіздік мақсатында Дубай мен Доха бағытындағы бірнеше рейсті уақытша тоқтатқан болатын.