Қазақстан • Бүгін, 11:33

Жеңіл өнеркәсіп саласында инвестициялық 9 жоба іске қосылады

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл 600-ге жуық жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін 9 жаңа инвестициялық жоба іске қосылады. Соңғы 5 жылда сала 3 мыңнан астам жұмыс орнын толықтырып, 40-тан астам жобаны жүзеге асырған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жеңіл өнеркәсіп саласында инвестициялық 9 жоба іске қосылады

Фото: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Бүгінде 1400-ден астам жеңіл өнеркәсіп кәсіпорны жұмыс істейді, оның жартысынан астамы киім тігушілер.

Айта кетсек, 803 – тігін өндірісі, 481 – тоқыма өнеркәсібі, 122 – тері және ілеспе бұйымдар шығаратын кәсіпорын.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, мемлекет бизнеске қолдау көрсетуді арттырып отыр: 2024 жылдың мамыр айынан бастап кәсіпкерлер жабдықты сатып алуға кеткен шығындардың 40%-ға дейінін өтей алады, ол жылына 60 млн теңгеге дейін қаражатты құрайды.

Одан бөлек, сала жылына 3 пайызбен жеңілдетілген қаржыландыруға қол жеткізіп, 9 арнайы экономикалық аймақтағы басым бағыттардың тізіміне енді. Отандық тауар өндірушілерді қорғау үшін 1100-ден астам тауар түрлерін мемлекеттік сатып алудағы ұлттық режимнен екі жылға босату қарастырылған.

Мемлекет жергілікті өндіріске үміт артып, «Қазақстанда жасалған» өнімдерді тігіп, тоқып, өнім шығаратындарға көмектесуге дайын.