
Кеңеске әкімдіктердің, сондай-ақ «KEGOC» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ұлттық компанияларының өкілдері мен энергия кәсіпорындарының басшылары қатысты.
Кеңес барысында электр энергетикасы нысандарындағы жөндеу жұмыстарын жүргізу, жеткізілген отын үшін берешекті өтеу және энергия көздерінде отынның нормативтік қорын қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Кеңес қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдар мен энергия кәсіпорындарына келесі міндеттер жүктелді:
•электр станцияларында және электр желілерінде барлық жөндеу жұмыстарын уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз ету;
•жөндеуден кейін негізгі жабдықтарды іске қосудың мерзімдерін сақтау бойынша бақылауды күшейту;
•жеткізілген отын үшін берешекті өтеу жұмыстарын ұйымдастыру;
•коммуналдық қызмет тұтынушыларының дебиторлық берешегін және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың кредиторлық берешегін азайту бойынша шаралар қабылдау;
•электр энергиясын өндіру және тұтыну режимін сақтау;
•жылыту маусымының басына дейін энергия көздерінің қоймаларында отынның нормативтік қорын қалыптастыру;
•өндірістік қауіпсіздік шараларын күшейту.
Аталған комитет күзгі-қысқы кезеңге дайындық барысына тұрақты мониторинг жүргізіп, ықтимал тәуекелдердің алдын алу үшін уақтылы әрекет етеді.