Аймақтар • Бүгін, 10:02

Қызылордадағы жедел басқару орталығы жаңғыртылды 

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қалалық полиция басқармасы жедел басқару орталығының ғимаратына жүргізілген күрделі жөндеу және қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты,деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылордадағы жедел басқару орталығы жаңғыртылды 

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алуда жергілікті бюджет есебінен бірқатар жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бастама аясында 1400 бейнебақылау камерасы, 20 «Зияткерлік қиылыс» және 58 стационарлық жылдамдық өлшегіш, жасанды интеллектке негізделген бейнеаналитикалық жүйе орнатылады.

Қазіргі уақытта жедел басқару орталығының ғимаратына күрделі жөндеу жүргізіліп, толық жаңартылған. Орталықтың басқару залына бейнеқабырға, операторларға арналған 15 автоматтандырылған жұмыс орны мен жаңа жиһаздар қойылған. Мұнан бөлек, заманауи құрал-жабдықтармен толықтырылып, бейнеконференц байланыс жүйесі іске қосылды.

Қызылорда облысында республикада алғашқы болып барлық аудандық полиция бөлімдерінде жедел басқару орталықтары ашылды. Бұл жүзеге асыру үшін 4 млрд 550 млн теңгеге бюджеттік өтінім жолданып, оның 1 млрд 382 млн теңгесі жергілікті бюджеттен бөлінді.