Жемқорлық • Бүгін, 17:46

Бұрынғы министр 9 жылға бас бостандығынан айырылды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаев алаяқтық, аса ірі көлемде ұрлық жасау және заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу баптары бойынша кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұрынғы министр  9 жылға бас бостандығынан айырылды

Сот оған мүлкін тәркілей отырып, 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Іс материалдары құпия саналады – егжей-тегжейі жария етілмейді.

Оның байланысы бар компанияның мүддесін қорғап, мемлекетке ірі көлемде зиян келтіргені белгілі болды.

Бекетаев Әділет министрлігін 2016 жылдан 2022 жылға дейін басқарған. Кейін Премьер-министрдің кеңесшісі болған.