Хоккей • Бүгін, 15:16

Ресейлік хоккей клубы таратылды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрлықтың хоккей лигасы (ҚХЛ) тағы бір командаға кеміді. 1996 жылы Мәскеудің іргесіндегі Балашика қаласында іргетасы қаланған «Витязь» клубы таратылғаны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ресейлік хоккей клубы таратылды

Сөйтіп, құрылғанына енді ғана 17 жыл толған Ресейдің ең үздік лигасы 12 ұжымнан айырылды. Бұған дейін «Химик» (Воскресенск), ХК МВД (Балашиха), «Лев» (Прага, Чехия), «Донбасс» (Донецк, Украина), «Атлант» (Мытищи), «Медвешчак» (Загреб, Хорватия), «Металлург» (Новокузнецк), «Югра» (Ханты-Мансийск), «Слован» (Братислава, Словакия), «Йокерит» (Хельсинки, Финляндия) және «Динамо» (Рига, Латвия) түрлі себептерге байланысты КХЛ-да ойнаудан бас тартқан еді.