
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылғы маусымда тұтыну бағаларының айлық индексі баяулай түсіп, 0,8% құрады, ал 2025 жылғы мамырда 0,9% пайызды құраған.
Азық-түлік тауарларының ішінде баға қиярға – 19,5%, қырыққабатқа – 18,1%, қызанаққа – 15%, сарымсаққа – 8,4%, бананға - 3,4%, жұмыртқаға 3% төмендеген. Осы орайда балмұздақ бағасы 1,9% өскен, йогурт – 1,6%, жаңғақ – 1,5%, рулет пен кекстерге – 1,3%, кондитерлік өнімдер мен салқындатылған сусындар – 1%-дан, сарделька бағасы 0,9% қымбаттаған.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде маусым айында тұрмыстық заттардан электрлі ет тартқыш бағасы 2,5%, үтіктікі 1% өскен.
Тарифтер арасынан ыстық су 6,2% төмендеді. Қызмет көрсету секторында баға фотограф қызметіне 3,3% өскен, салтанатты шаралар өткізетін ұйымдастырушыларда – 2,8%, теледидар жөндеу – 2,4%, тұрғын-үй, жайларды жөндеу және қызмет көрсету – 1,4%, шаштараздар мен сұлулық салондары қызметтері 1,3% жоғарылаған.
2025 жылғы маусымда жылдық мәнде инфляция деңгейі 11,8% құрады.
Жылдық мәнде қарақұмық жармасы – 9%, күріш – 8,3%, қияр – 3,5%, сұлы жармасы – 2,5%, кептірілген өрік 2,3% арзандады. Керісінше алмұрт – 11,3%, консервіленген жүгері – 10,8%, жеміс және көкөніс шырындары 10,4% қымбаттаған.
Азық-түлік емес тауарларының ішінде блендер бағасы 7,8% өсті.
2024 жылғы маусыммен салыстырғанда өткен маусым айында кабельдік телевизия қызметтері 2,2% жоғарылаған.
Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің көрсеткіші ай сайын есептеледі. Бақылаулар қызметтер мен тауарлардың тарифтері мен бағалары – барлығы 508 позиция бойынша жүргізіледі. Инфляция бойынша динамикалық өзгерістерді 2018 жылдан бастап көрсеткіштер қамтылған арнайы әзірленген интерактивті дашбордта көруге болады.
Айта кетейік, 2025 жылғы қаңтардан бастап тұтыну бағаларының индексін есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі – 40,0%, азық-түлік емес тауарлар – 30,3%, ақылы қызметтер 29,7% құрады.