Әлем • Бүгін, 17:15

Ауғанстанда жер сілкінді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, 3 шілде күні сағат 13:58-де, Астана уақыты бойынша Ауғанстан аумағында жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы» ЖШС хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Ауғанстанда жер сілкінді

Фото: Ашық дереккөз

Сейсмологиялық станциялар желісінің мәліметінше, жерасты дүмпуі солтүстік ендік 37.23°, шығыс бойлық 70.88° координаттарында болған. Зілзаланың магнитудасы mb = 5, ал энергетикалық класы K = 10.9 деңгейінде тіркелген.

Айта кетейік, бұл Ауғанстанда соңғы күндері тіркелген екінші жер сілкінісі. Естеріңізге сала кетейік, 30 маусым күні таңғы сағат 07:32-де де дәл осы өңірде жер дүмпуі байқалған еді.

Сонымен қатар соңғы уақытта әлемнің әртүрлі бөліктерінде сейсмикалық белсенділік артқаны байқалады. Мәселен, Жапонияда соңғы екі аптаға жуық уақытта 900-ге жуық жер сілкінісі тіркелген.