
фото: ktk.kz
2024 жылдан бастап қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түрлерін өтеп жатқан адамдарға қатысты электрондық бақылау жүйесі белсенді түрде қолданылуда. Алайда, барлық сотталғандар қойылған талаптарды орындай бермейтіні өкінішті.
- Мысалы, Ақсу қаласының пробация қызметінде есепте тұрған сотталған азамат сот жүктеген міндеттерді жүйелі түрде бұзған. Электрондық білезік тағылғанына қарамастан, ол пробация қызметін хабардар етпестен белгіленбеген уақытта бірнеше рет қала шегінен өз бетімен шығып кеткен. Сонымен қатар, ол қасақана электрондық бақылау құралын зақымдаған,- деп хабарлайды Павлодар облысы полиция департаментінен.
Аталған дерекке байланысты Ақсу қаласының пробация қызметі тиісті ұсыныс енгізіп, Ақсу қаласының мамандандырылған ауданаралық соты бұл ұсынысты қолдады. Жазаның өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырды. Сотталған азамат жазасын одан әрі өтеу үшін бас бостандығынан айыру орындарына жіберілді.
Павлодар облысы