
Фото: Ашық дереккөз
15 маусымнан бері үкімет күннің ысуына байланысты ауру жағдайларын тіркеуді бастаған. Сол уақыттан бері 633 адам медициналық көмекке жүгінген, олардың ішінде бес адамның өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.
Кореяның Ауруларды бақылау және алдын алу басқармасының дерегінше, тек сәрсенбі күні 100 адам дәрігер көмегіне жүгінген.
Науқастардың 82,9 пайызының жағдайы ашық аспан астында болған кезде нашарлаған. Елдің көптеген аймақтарында аптап ыстыққа байланысты ескерту жарияланған.
Атап айтқанда, Кёнгидо провинциясында ауа температурасы 35 градусқа дейін көтерілген.