Құрылыс • Бүгін, 17:25

Павлодар әуежайын жаңартуға қосымша 673 млн теңге бөлінді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар әуежайы 2006 жылдан бері жөндеу көрмеген. Оны халықаралық талаптарға сай ету үшін жаңарту жұмыстары қажет, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодар әуежайын жаңартуға қосымша 673 млн теңге бөлінді

Мамандар есептей келе, әуежайды толықтай жаңарту жобасына 16 млрд 400 млн теңге қажет деген шешімге келген. Өткен жылы 4,8 млрд теңге бөлініп, қажетті құрал-жабдықтар сатып алынған. 

— Жөндеу жұмыстары 1 сәуірден басталған. 1 қарашаға дейін Павлодар қаласы әуежайының ұшу-қону жолағын кеңейту және қайта жаңарту жұмыстары жүргізіледі. Реконструкциялау жұмыстары жолаушылар әуе тасымалы қауіпсіздігінің деңгейін арттыруға, ұшуға жарамдылық сертификатын алуға, сондай-ақ, әуе айлағының мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған. Жұмыстар аяқталғаннан кейін әуежай үлкен әуе кемелерін қабылдай алады және жүк тасымалы көлемін арттыра алады. ,-деп хабарлады Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінен.

Жақында облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында өңір қазынасынан реконструкция жұмыстарына қосымша тағы 673 млн теңге бөлінетіні мәлім болды. Бұған дейін жаңарту жұмыстарына 1 млрд 584 млн теңге бөлініп, оның 967 млн теңгесі облыс бюджетінен алынған еді. Осылайша жергілікті бюджет қазірдің өзінде жобаны 1,6 млр теңгеге қаржыландырып отыр.

Павлодар облысы