Қоғам • Бүгін, 11:09

Мал шаруашылығын дамытуға жеңілдікпен несие беріледі

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президенттің ауыл шаруашылығындағы жалпы өнімді екі есеге көбейту туралы тапсырмаларын орындау аясында шаруаларға жеңілдікпен кредит алуға мүмкіндік беретін екі бағдарламаны іске қосу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Мал шаруашылығын дамытуға жеңілдікпен несие беріледі

Фото: Үкімет

Мал шаруашылығын қолдауға және кәсіпорынды айналым қаражатымен қамтамасыз етуге арналған қаржыландырудың жалпы көлемі 100 млрд теңгені құрайды.

Бірінші бағдарлама ірі қара мен ұсақ малдың асыл тұқымды мал басын сатып алуға 50 млрд теңге бөлуді көздейді. Шаруалар жылдық 5 пайызбен «ұзақмерзімді» несие ала алады. Тағы 50 млрд теңге ағымдағы қаржыландыру тетіктеріне ұқсас, жылдық мөлшерлемесі 5 пайыздан аспайтын айналым қаражатын кредиттеуге бағытталатын болады.