
Фото: ТЖМ
ТЖМ командалық орталығы және Жамбыл облысының ТЖД базасында құрылған жедел штабқа әзірге зардап шеккендер мен қирауларға қатысты ақпарат түспеген.
Жедел штабта Төтенше жағдайлар вице-министрі Батырбек Әбдішіевтің төрағалығымен бейнеконференция арқылы байланыс орнатылып, өңірдегі жағдай талқыланды.
Министрлік әлі де мониторингті жалғастырып жатыр. Жергілікті тұрғындар оқиғаға қатысты ақпарат пен көмек алу үшін мына нөмерлерге хабарласа алады:
ҚР ТЖМ командалық орталығы - 87172-55-96-21
Жамбыл облысы ТЖД 8-7262-51-41-67