Спорт • Бүгін, 08:45

Ақ жол, Әліби!

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

АҚШ-та өткен «The Ultimate Fighter» (TUF) реалити-шоуында қазақ ұланы Әліби Ыдырыс (11-0) өзбекстандық Фуркатбек Екубовпен (15-4) айқасты. Әйгілі Чейл Соннен командасында жаттығатын «Belarusian Fight Championship» промуошенінің алтын белбеуінің иегерін ұту қандасымызға көп қиындық туғызған жоқ. Барлық төреші Әлібидің мықтылығын бірауыздан мойындады.

Ақ жол, Әліби!

«TUF» реалити-шоуы осымен 33-мәрте ұйымдастыры­лып отыр. Жарыста жеңімпаз атан­ған файтер бірден UFC-ге жол­дама алады. Кезінде Камара Усман, Нейт Диаз, Тони Фергюсон, тағы басқа жұлдыздардың дәл осы жоба арқылы танылға­нын жанкүйерлер жақсы біледі. ­Қа­зір Әліби Ыдырысқа өзін тү­бегейлі мойындатуға тамаша мүмкіндік туып отыр. Ол күш сынасып жүрген 56,7 кг сал­мақта сегіз спортшы өз өне­рін ортаға салады. Әліби алғашқы сынақтан сүрінбей өтті. Енді оған жартылай финал мен финалда жеңіске жету қажет. Егер осы жоспар ойдағыдай жүзеге асса, жеңілістің кермек дәмін татып көрмеген қазақтың қайсар ұлын біз UFC-ден көреміз. Бұл ретте дәл осы салмақта әлем­нің ең белді промоушенінде Асу Алмабаев пен Азат Мақсұм­ның да барын естеріңізге сала кетейік.

30 жастағы Ақтөбенің тумасы өзінің барлық жекпе-жегін «Найза» промоушенінде өт­кізіп, сол ұйымның чемпионы атанды. 2019–2025 жылдар аралығында Медет Жұмамұрат (сабминшн), Ислам Айбатов (сабминшн), Темур Жапаров (ұпай санымен), Арген Мәліков (нокаут), Аслан Өтеғалиев (ұпай санымен), Джохар Эскиев (нокаут), Флавио Сантос (нокаут), Алиссон Силва (ұпай санымен), Эриссон Феррейра де Силва ­(нокаут), Эдильсон Сантосқа (нокаут) сан соқтырды.

Әліби Ақтөбе қаласында «Еркін күш» клубында білікті бапкер Айбек Шоқбытовтың қол астында жаттығады. Ко­мандалық әріптестері қатарын­да Жалғас Жұмағұлов, Дәурен Ермеков, Гойти Дазаев, Нұрбек Қабдырахманов, Дастан Аман­келді, Бағдат Жұбаныш, тағы басқа танымал спортшылар бар. Солардың арасынан Жалғас дараланып, кезінде UFC-де күш сынасты. Өзге жігіттердің де қарқыны жаман емес. Олар да түрлі промоушенде өрелі өнерлерімен жанкүйерлерді қуантып жүр.