Оқиға • Бүгін, 12:10

COVID-19-дың жаңа түрі таралып жатыр

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Англияда коронавирус инфекциясының жаңа түрлері – Stratus XFG және XFG.3 штаммдары анықталып, ауру жұқтырудың 30 пайызын құрап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz жергілікті денсаулық сақтау органдарына сілтеме жасап.

COVID-19-дың жаңа түрі таралып жатыр

Фото: aa.com.tr

Мамандардың айтуынша, Stratus нұсқалары дауыстың қарлығуы, созылмалы шаршау секілді ерекше белгілермен байқалады. Дегенмен қазіргі уақытта аталған штаммдардың ауыр түр тудыратыны дәлелденген жоқ.

Сонымен қатар Англияда COVID-19-дың тағы бір нұсқасы – Nimbus штаммы да тіркеліп жатыр. Бірақ елдің қоғамдық денсаулық сақтау қызметі індеттің таралуы бақылауда екенін мәлімдеді.

Эпидемиологтер жаңа толқын болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Сондықтан мамандар тұрғындарды сақтық шараларын ұстануға, ал тәуекел тобына жататын адамдарды қажет болған жағдайда медициналық көмекке жүгінуге шақырып отыр.