
фото: видеодан скриншот
Оқиға орнына учаскелік полиция инспекторлары Әмірбек Бөбекбай, Мақсат Әбдірайымов және Ахан Ахметов жедел жеткен.
Әйелдің су жағасындағы бұтаққа бар күшімен жабысып тұрғанын байқаған тәртіп сақшылары дереу құтқару операциясын бастап кеткен. Аға лейтенант Бөбекбай арқанмен түсіп, жәбірленушіні байлап, кейін әріптестері екеуін де қауіпсіз биіктікке көтерген.
Полиция қызметкерлерінің сәтті әрекетінің арқасында әйел зардап шеккен жоқ. Ол инспекторларға кәсібилігі мен қамқорлығы үшін алғыс айтып, қызметтеріне сәттілік тіледі.
Алматы облысының полицейлері су айдындарына жақын жерде, әсіресе тегіс емес, жағалары тік, ағыстары қатты жерлерде аса сақ болу керектігін еске салады. Төтенше жағдайда дереу көмек сұрап, дер кезінде қоңырау шалу – адам өміріне төнген қауіпті сейілтуі мүмкін.
Еске салар болсақ, бұдан аз уақыт бұрын ағысы қатты Талғар өзені ана мен баланың өмірін қиған болатын.
Алматы облысы