
Фото: ТЖМ видеосынан алынған скрин
ТЖМ мамандары патрульдеу кезінде жағалаудан 350 метр қашықтықта, су ортасында тұрып қалған 6 адам мінген катамаранды байқаған. Құтқарушылар жасөспірімдер мінген катамаранды жағаға сүйреп шығарған.
Олар медициналық көмекке мұқтаж болмаған.
Айта кетейік, бүгін ғана Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алакөлдегі туристік аймақ демалушыларынан шағым көп түсетінін сынға алып, жағдайды түзеу үшін Үкіметке тапсырма берген болатын.