
Фото: olympic.kz
Отандасымыз жұптық сында өнер көрсетіп жатыр. Әмір Омарханов ресейлік Егор Плешивцевпен бірге ширек финалда оңтүстікамерикалық Коннор Доиг пен үндістандық Криш Тьяджимен кездесті. 1 сағат 24 минутқа созылған матч қазақстандық-ресейлік жұп пайдасына 6:4, 7:6 есебі тіркелді.
Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, жартылай финалда Омарханов-Плешивцев турнирдің төртінші нөмірлі жұбы - финляндиялық теннисші Оскари Палданиус пен Польша өкілі Алан Важнымен шеберлік байқасады.