
Фото: Ашық дереккөз
Синоптиктердің болжамы бойынша, 12 шілде күні батыс өңірлерде ауа температурасы +35…+39°C дейін көтеріліп, кей жерлерде +40…+42°C аптап ыстық күтіледі.
Ал еліміздің оңтүстік-батысында аптап ыстық сақталады. Ауа температурасы +39…+44°C аралығында болады. 14 шілдеде бұл өңірде температура +38…+42°C шамасында болады.
Басқа өңірлердегі ауа температурасы келесідей болады:
- Солтүстік аймақтарда — +15…+23°C;
- Шығыста — +22…+30°C;
- Оңтүстікте — +40…+43°C;
- Оңтүстік-шығыста — +35…+38°C градус.