
Ұлттық банктің 13 шілдеге ұсынған ресми бағамы — бір долларға 520,93 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,68 теңге. Еуро — 609,07.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 523,9 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы —521,7 теңге. Еуро сатып алу бағамы — 608,5 сату құны — 612,5.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 526 теңге, сатып алу құны — 520 теңге. Еуро 608 теңгеден сатып алынып, 615 теңгеден сатылып жатыр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,55— 6,71 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 11 шілде күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,46 теңгеге қымбаттап, 520,93 теңге болған.