Заң • Бүгін, 11:48

Сотта Перизат Қайраттың жоғары білімі жоқтығы айтылды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Астанада Перизат Қайрат пен оның анасы Гайни Алашбаеваға қатысты қылмыстық істің сот процесі басталды, деп жазады Egemen.kz.

Сотта Перизат Қайраттың жоғары білімі жоқтығы айтылды

Фото: Ашық дереккөзден

Сотта Перизат Қайраттың жоғары білімі жоқтығы анықталды. Күдіктінің өзі бұған дейін бірнеше рет жоғары білім алғанын айтқан болатын. 

Прокурорлар ол табысты әйелдің бейнесін жасау үшін  БАӘ-де тұрып, ет жеткізумен айналысатын отбасылық бизнесті дамытқаны туралы жалған ақпарат таратқанын да атап өтті. 

Сондай-ақ, ол 2012 жылы қор ашу кезінде құрылтайшылардың атынан жалған қол қойған. Қор мекенжайы ретінде ойын клубы орналасқан орынды көрсеткен. Бұл іс тараптардың келісімге келуімен жабылған. 

Сот барысында Перизат Қайрат тасқыннан зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында қайырымдылыққа қаржы жинау сылтауымен 2 миллиард 860 миллион теңге жинағаны, қаражаттың бір бөлігін жеке қажетіне жұмсағаны мәлімделді.