
Фото:ortcom.kz
Аталған карта – туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және елдегі туристік инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған кешенді шаралардың бір бөлігі. Шетелдік азаматтар үшін арнайы safetravel.kz мобильді платформасы іске қосылып, қажетті ақпарат көптілді форматта қолжетімді.
Қазіргі уақытта туристік карталар Астана мен Алматы халықаралық әуежайларында, сондай-ақ Түркістан облысындағы «Қапланбек» шекаралық бақылау бекетінде таратыла бастаған. Жобаның алғашқы кезеңінің нәтижелері оң бағаланып жатыр.
Картадағы QR-код арқылы туристер келесі маңызды мәліметтерге қол жеткізе алады:
- «102» мобильді қосымшасын жүктеу және оны пайдалану нұсқаулығы (төтенше жағдайда «SOS» батырмасы арқылы жедел көмек шақыру мүмкіндігімен);
- Шетелдіктер үшін көші-қон талаптары мен тіркеу тәртібі;
- Такси қызметтерінің орташа бағасы және ұсынылған қосымшалар тізімі;
- Ұялы байланыс операторлары мен SIM-карталардың бағасы туралы мәліметтер.