
Инфографиканы жасаған Амангелді Қияс, «ЕQ»
Олжас Бектенов қазіргі таңда шағын және орта бизнестің (ШОБ) жалпы ішкі өнімдегі үлесі 39%-ды құрайтынын атап өтті. Оның ішінде шағын бизнестің үлесі – 32%, ал орта бизнестің үлесі – 7%.
«15%-ға дейін жеткізу міндеті бар. Ол үшін мемлекет тарапынан бірқатар қолдау шаралары қарастырылған. Оның бәрін іске асырамыз. Мен жаңа «Бәйтерек» холдингі туралы айтып өттім. Сол сияқты біз «Даму» қоры жанынан екі кепілдік беретін қор құрдық. Ол да өзінің оң әсерін береді деп ойлаймыз. Бірақ бұл өте күрделі және өте маңызды мәселе. Егер біз орта бизнестің тиісті үлесін қамтамасыз етсек, ол жалпы экономикалық өсімге, экономикамыздың тұрақтылығына өте жақсы әсер етеді деп ойлаймыз. Сондықтан Үкімет, жергілікті атқарушы органдар осы міндетті іске асыру үшін уақтылы жұмыс істеп жатыр», деді Премьер-министр.
Үкімет басшысы орта бизнесті дамыту – экономиканы әртараптандыру мен тұрақты өсімді қамтамасыз етудің басты тетіктерінің бірі екенін айтты.