Аймақтар • Кеше

Жаңа туған нәрестеге шетелдік төлқұжатты қалай алады

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жазғы демалыс уақыты. Бұл мезгілде көптеген отбасы балаларымен бірге шетелге саяхаттайтыны белгілі. Осы орайда, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Шымкент қалалық филиалының мамандары шетелге шыққанда қандай құжаттар керек екенін және балаға шетелдік төлқұжатты рәсімдеудің маңыздылығы жөнінде тағы бір мәрте ата –аналардың есіне салды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңа туған нәрестеге шетелдік төлқұжатты қалай алады

Филиал өкілдерінің айтуынша, баланың төлқұжатын туған сәтінен бастап рәсімдеуге болады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, шетелге шығатын әрбір азаматтың жасына қарамастан жеке төлқұжатының болуы шарт.

Төлқұжат алу үшін ата-ана бірінші кезекте Шымкент қаласындағы кез келген Халыққа қызмет көрсету орталығына барып жүгінеді. Осы тұста, өзімен бірге баланың туу туралы куәлігі, ата-ананың біреуінің жеке куәлігі, 4 АЕК (15 728 теңге) көлеміндегі мемлекеттік баж салығының төленгені туралы түбіртек болуы керек. Сондай-ақ, құжатты рәсімдеу барысында ата-ананың біреуінің болуы міндетті. Ал қызмет көрсету мерзімі - 15 жұмыс күнін құрайды.

«Балалар тез өсіп, сырт келбеттері жылдам өзгеретіндіктен, шекара қызметкерлері кейде оларды фотосуреттен тани алмай жатады. Мұндай жағдайда, төлқұжаттың жарамдылық мерзімі әлі аяқталмаса да, оны ауыстыру қажет болады. 12 жасқа дейінгі балаларға төлқұжат 5 жыл мерзімге, ал 12-ден 16 жасқа дейін – 10 жыл мерзімге беріледі. 12 -16 жас аралығындағы балаларға берілетін төлқұжат мерзімі 10 жылға жарайды.  Сонымен қатар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері, мүгедектігі бар азаматтар, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар төлқұжатты тегін ала алады» дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Шымкент қалалық филиалының директоры Айнұр Тобаева.

Оның айтуынша, мегаполис тұрғындарына шетелдік төлқұжатты жедел түрде рәсімдеу қызметі қарастырылған. Қосымша ақысы төленсе өтініш берушінің қалауына қарай құжат 1 немесе 3 жұмыс күні ішінде дайын болады.

Шымкент